Шымкент қаласы №52 мектеп-лицейінде "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында “Кітап жансыз,бірақ шынайы дос” тақырыбында қалалық семинар өтті.
Семинар бағдарламасы бойынша оқушылар мен жастардың көркем әдебиеттерге деген қызығушылығын арттыру мақсатында “Мен оқыған бір кітап” атты READx жобасы аясында бастауыш сынып оқушылары өзі сүйіп оқитын кітаптарымен бөлісті.
Жоба барысында оқушылар өз ой-толғауларын көпшілік алдында ортаға салып,оқырмандарға шабыт беріп,өз ойларын еркін жеткізе білді.
Оқушыларымызға кітапқа деген құштарлықтарың арта берсін дейміз.






"Өзіңді - өзің танысаң істің басы"
Шәкәрім Құдайбергенұлы
Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты N52 мектеп-лицейінде "Жалпы адамзаттық құндылықтар - тұлғаны рухани - адамгершілік тәрбиелеудің негізі" тақырыбында қалалық семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты: Жалпыадамзаттық құндылықтарды насихаттау, дәріптеу, мағынасын, маңыздылығын ашу.
Семинарға Ерекше білімді қажет ететін балалар мен жұмысты үйлестіру және " Өзін - өзі тану " бөлімінің басшысы Ж.Б.Утесинова қатысып, өзінің керемет құнды пікірлерін білдірді. Сондай-ақ, Қалалық білім бөлімінің әдіскері А.А.Кисабекова " Орта білім беру ұйымдарында жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген білім беру мен оқыту жүйесін жетілдіру " тақырыбында баяндама жасады. Сонымен қатар өзін - өзі тану пәнінің ұстаздары бір бірімен әдіс - тәсілдері мен алмасып, семинар соңында
" Жүректен жүрекке " тренинг пен аяқталды.
Қорыта айтқанда:
Жалпы адамзаттық құндылықтар жеке тұлғаның бойында өмірге келген сәтінен бастап бірге дамиды, жасы ұлғайған сайын қоршаған ортасына сәйкес бірге қалыптастады.



Келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын еліміздегі білім беру процесіне енген жаңалықтарды бөлісу - заман талабы. Шымкент қаласы #52 мектеп-лицейде 2020 жылы 07 ақпан күні қалалық білім басқармасы әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес "Оқыту сапасын оқушылардың функционалдық сауаттылығына бағыттау" тақырыбында қалалық тәжірибелік семинар болып өтті. Семинардың мақсаты: жаратылыстану бағытындағы география пәні бойынша оқушылардың білім сапасын, функционалдық сауаттылығын арттыруда қала мектептері арасында іс-тәжірибе алмасу. Қалалық білім басқармасы әдістемелік орталықтың әдіскері Р.Ауылбаева семинарды ашып, мектеп-лицей басшысы А.Бимырзаева семинардың мақсаты мен бағдарламасымен таныстырды. #52 мектеп -лицейдің география пәнінің мұғалімдері Т.Айкинбаева, Г.Биназарова, Ж.Жүсіпбаевалар ашық сабақтар көрсетіп, семинар қонақтары сабақтарды талқылау барысында оңды пікірлер білдірді. 


Адами әлеуеттілікті дамытуда білім сапасын арттыру, жаңашыл ұстаздардың тәжірибесін көрсету, практикалық дағдыларын дамыту арқылы бәсекеге қабілетті тәуелсіз елдің жеке тұлғасын қалыптастыру мақсатында Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №52 мектеп-лицейінде 2019 жылдың 20 желтоқсанында "Тәуелсіз елдің тірегі - білімді ұрпақ, жаңашыл ұстаз" атты қалалық семинар өткізілді. Мектеп-лицей директоры А.Жарылқасынқызы қонақтарға семинардың бағдарламасымен таныстырып өтті. "Шығармашыл ұстаз - шығармашыл шәкірт" тақырыбында оқушылардың ғылыми жобалары, қолөнер шығармашылық көрмесі, "Робототехника - болашақтың бағдары" үйірме жұмысының көрмесі, "Тәуелсіздік - тірегім, Қазақстан - жүрегім" ТЕDx жобасы, "Еліміздің болашағы - білімді ұрпақ" READx жобасы, "Тәуелсіз елдің бақыты салауатты жастар" спорт жеңімпаздарының шеруі, жаратылыстану, математика, көркем әдебиет, қазақ тілі, физика, информатика, химия, биология, ағылшын тілі, қазақстан тарихы және коучинг жұмыстары, "Қалдырған ізің мәңгілік" кабинеттердің ашылу рәсімі, "Жас ұлан" ұйымына қабылдау рәсімі, "Тәуелсіз елдің жастары - ұлы дала ұрпағы" жеңімпаздар шеруі семинарға қатысушылар назарына ұсынылды. Семинарға қалалық қамқоршылық кеңесінің және "Ардагерлер ұйымының" төрағасы, Шымкент қаласының құрметті азаматы, "Ұстаз нұры" информгазетінің бас редакторы Әнуарбек Бейсе ағамыз, Шымкент қалалық білім басқармасының әдіскерлері және қала мектептерінің ұстаздары келіп қатысып, семинардың өтілу деңгейіне, маңыздылығына баға беріп, талдау жасалынып, жүрекжарды ыстық лебіздерін білдірді. Семинар соңында ашық сабақ көрсеткен ұстаздар Шымкент қаласы білім басқармасы әдістемелік орталықтың алғыс хаттарымен марапатталды.






20.12 күні Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты #52 мектеп-лицейінде "Тәуелсіз елдің тірегі- білімді ұрпақ, жаңашыл ұстаз" тақырыбында қалалық семинар болып өтті. Осы семинарда 9 "Б" сыныбында физика, информатика пәндерінен кіріктірілген сабақ көпшілік қауымның назарына ұсынылды. Пән мұғалімдері Рыскулова Лаура, Тыныштыкбаева Нургуль. Семинар қонақтары сабақты жоғары деңгейде бағалап, ерекше ықылас білдірді. 

Шымкент қаласы #52 мектеп-лицейі жанынан ашылған "Зере" шағын орталығының жылдық жоспарына сәйкес 2019 жылдың 18 сәуірі күні "Мектепке дейінгі жастағы балалардың шығармашылығын және тілін дамытуда жаңа технологияны қолдану" тақырыбында мектепішілік семинар өткізілді. Семинарды мектеп-лицей директоры А.Бимырзаева ашып, орталық қызметкерлеріне сәттілік тіледі. Шағын орталық әдіскері Ғ.Алымбекова семинардың қатысушыларына шағын орталықтың тыныс-тіршілігінен мағлұмат бере отырып, іс-шара бағдарламасымен таныстырып өтті. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұны мен сапасын арттыру жолдары түрлі инновациялық әдіс-тәсілдер арқылы көрсетілді. Жаңаша әдіс-тәсілдер балалардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға, шығармашылығын арттыруға берер көмегі мол екендігі әрбір сабақта көрініс тапты. Әріптестерімізге білім беру саласындағы қызметтеріне сәттілік тілейміз. 



Шымкент қалалық білім бөліміне қарасты №52 мектеп-лицейі мен Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының әдәстемелік кабинетімен бірлесе отырып 2018 жылдың 15-мамыр күні "Үштілділіктің аясын кеңейтуде электронды аудио-жинақтың тиімділігі " тақырыбында облыстық семинар-презентациясы өткізілді. Семинарда мектеп-лицейіміздің директоры Молдабекова Күлзада Зиятқызының бастамасымен Аяпова Кенжеқыздың жинақтауында "Мен даланың ұлымын", "Руxым менің-тірегім, бабам менің-жыр елім", "Тазша бала", "Санау" сынды аудио-жинақтардың презентациясы жоғары дәрежеде таныстырылды. Сондай-ақ семинарда үштілділікті енгізе отырып, аудио жинақтар мен электронды оқулықтарды тиімді пайдаланып он жеті түрлі сабақ көрсетілді. Семинарға қатысушы қонақтар семинардың ұйымдастырылуына, ұсынылған сабақтарға және мектеп басшысына Ризашылықпен үлкен алғыстарын білдірді. 


