Қазақстан Республикасы
Шымкент қаласының білім басқармасының
"№52 мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 55-34-38
Есепші бөлімі:
+7(7252) 55-51-79
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Галерея жас маман

Галерея жас маман

Мектебімізде 25.03.2022 ж. күні жас мамандарды шығармашылық қолдау, кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында
"Үздік жас маман-22" байқауы болып өтті. Жас мамандарымыз
1. Өзін таныстыру
2.Ашық сабақ  ҚМЖ таныстырылымы
3.Эссе:
(*Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шақ.
* Мен педагогпын) тақырыбында
4. Үй тапсырмасы
5. Сұрақ-жауап (оқу-тәрбие)
6. Өз өнерлері бойынша жан-жақтылық қырынан көрсетті. Байқау нәтижесі:
"Үздік жас маман-22" математика пән мұғалімі  Н.Ералы, І орын көркем еңбек пән мұғалімі Н.Эшмуратова, 
ІІ орын бастауыш сынып мұғалімі Ш.Сунақбай, информатика пән мұғалімі М.Ермекбай, ІІІ орын А.Таңсықбаева, А.Дүйсебай иеленді. Жас мамандарымызға еңбек жолында шығармашылық толағай  табыстар мен биік белестерден көріне беруіне шын жүректен тілектеспіз!




“Білікті жас маман, білгір жас мұғалім” айдары
Мен жастарға: «Алдарыңда таудай талап тұр. Өмір заңғарлары үнемі биікке шығарады.Оған жету үшін талмай ізденіңдер!»- дер едім. Жастарға тоғышарлық, бойкүйездік дертінен аулақ, сергек, сезімтал болған жарасады.
                          /Ғабит Мүсірепов/
Дебат - тек зияткерлік ойын емес, ол – сыни ойлау дағдыларын қалыптастырып, ақпаратты дұрыс талдауға, топта бірлесіп жұмыс жасауға, сұрақ қойып, оларға нақты дәлелдемелермен  жауап беруге үйрететін білім беру технологиясы. 
Ойынға қатысушылар кейін үгіт-насихат пен популистік идеяларды оңай ажыратып, өз ұстанымын көпшілікке нақты аргументтер арқылы жеткізе алады.
Біз, Шымкент қаласы,№52 мектеп-лицейінде  жас мамандардан құрылған «Жастар алаңы» дебат қозғалысын қайта жаңғыртып жатырмыз.
Әрбір жастың жан-жақты дамуына барынша мүмкіндік жасау қажет. Бұл ретте мектептегі өзін-өзі басқару жүйесінің де ықпалы зор деп ойлаймын. 
Жастарға өзін дамыту жолына сәттілік тілейміз! 


"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында №52 мектеп-лицейінде қосымша білім беру педагогі Жансая Ағыбайқызының ұйымдастыруымен "Бірге оқимыз!" атты мектептің жас мамандарымен дөңгелек үстел өтті.  Жас мамандар оқыған кітаптарын  bookcrossing aясында "Бұл кітапты не үшін оқуымыз қажет?" деген сұрақтарға талқылау жүргізіп, Жоба барысында өздері оқып келген 
 М. Мақатаев, Б. Момышұлы, 
М. Оңғарова, М. Шапиян, Қ. Шонбай, А.Пушкин, Д.Сүлейменовтердің кітаптарын ұсынып, "Саммари"  әдісі арқылы көлемді шығарманың түйінді ойын жеткізе білу, кітаптың өзекті жерін айта отырып жарнама жасау арқылы бір -бірімен оқыған кітаптарымен бөлісіп, бір -бірінің кітабын алмасып оқуға шақырды. Жас мамандардың бір-бірінен алары мен берері мол болды. 
Іске сәт, Жас маман!




«Бүгінгі жас маман-болашақ білікті ұстаз» демекші  Шымкент қаласының білім басқармасы әдістемелік орталық ұйымдастырған үздік жасақ жоспарына №52 мектеп-лицейінің  ағылшын тілі пәні мұғалімі, әрі жас маман Калтурсинова Нургиза Кайратовна өзінің ҚМЖ сын ұсынған болатын .Озық идеялы іс - тәжірибе ұсынғаны үшін |||- Дәрежелі ДИПЛОМ иегері атанды. Жас маман болсада білімін шындап, үздік нәтижелер көрсетуде, Нұрғизаға сәттілік тілейміз! 



УО города Шымкент  для выявления и поддержки молодых педагогов, работающих в общеобразовательных организациях города Шымкент, для раскрытия творческого и профессионального потенциала молодых педагогов был организован конкурс "Жас маман". Из нашей школы-лицея приняла участие молодой специалист Жусип Мадина Жаксыбековна, благодаря усердной работе, энтузиазму к своей деятельности молодой педагог смогла раскрыть свои таланты. Получила призовое II место. 
Мои искренния поздравления!




«Білікті жас маман, білгір жас мұғалім» айдары
          Білім мен тіл ұштастыру өнеріне құштар жастардың басын білім ордамызда өткен дебат ойыны қосты. №52 мектеп-лицей қабырғасында осы оқу жылындағы өткен алғашқы дебат турнирінің бірі. Турнир «Оқуға құштар мектеп» жобасын мектепте қалай іске асыруға болады? тақырыбында өрбіді. Турнирде 2 команда өз бақтарын сынға салды, қатысушылар өз біліктіліктерін көрсете білді.
Халқымыздың «Білекті бірді, білімді мыңды жығады» деген ұлағатты сөзі білімнің баға жетпес үлкен рухани қару екендігін, сонымен қатар аса зор өндіргіш күш екенін осындай пікірталастардан  түсінуге болады.
Нәтижесінде 2 команданың: “Қарсы топ”, “Жақтаушы топ” ішінен суырылып шыққан үздік спикерлер көпшілік алдында талғамды тұжырымдарын дәлелдеп, ерекше көзге түсті.




«Әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты" деп М.Жұмабаев айтқандай, мұғалім баланы қалай тәрбиелесе, мемлекетіміз сол деңгейде болады. Мектептегі білім беру сапасын арттыру үшін, ең алдымен мұғалім біліктілігі жеткілікті дәрежеде өсіп, кәсіби шеберлік шыңына талпынған тұлға иесі болуы тиіс. Осы қағиданы алға тартқан #52 мектеп-лицейінде оқу жылының басында мектепішілік "Жас маман" ұйымы жылдық жоспарына сәйкес өз жұмысын бастап кетті. Жылдық жоспарға сәйкес жас мамандарға арналған "ҚМЖ құру және сабақ жоспарын жақсартудың қадамдары" тақырыбындағы оқыту семинарын мектеп тренері, биология пәнінің мұғалімі П.Менликулова өткізді. Оқыту семинарының мақсаты: қысқа мерзімді жоспарды жаңаша үлгіде талапқа сай құру, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру. Күтілетін нәтиже: жаңа білім мазмұнына сай тапсырмалар беру арқылы табысты оқытуға қол жеткізеді. Жас мамандар оқыту семинарында сабақ жоспарын құруда кездесетін қиындықтарды, кедергілерді атап, тәжірибелі тренердің көмегімен өзара шешу жолдарын қарастырды. Сонымен қатар тренер П. Менликулова және директордың оқу-әдістеме жөніндегі орынбасары Ж.Сарсенбаева тарапынан ҚМЖ құрастыру кезінде оқу бағдарламасында  және оқу жоспарында көрсетілген мақсаттарды басшылыққа алудың қажеттілігі ескертіліп, оны жас ұстаздар тәжірибеде үйлестіру арқылы біліктіліктерін шыңдады. Жас мамандарымызға жеке тұлғаны дамыту құралы болып табылатын оқыту үдерісін қалыптастыруда үнемі көшбасшы шыңынан көріне беріңіздер демекпіз.

 

Мұғалім- адамзат дамуының іргетасын қалаушы күштің бірі. Сол үшін үнемі ізденіс пен дамудың жолында жүреді. Шымкент қаласы #52 мектеп-лицейдің жас маман ұстаздары, биология пәнінің мұғалімдері Әуезова Жансая мен Абдрайтынова Марзияның жақында “Мектеп курсынан биология пәні бойынша қолданбалы курс бағдарламалары” атты авторлық еңбектері жарық көріп, республика көлемінде таратылды. Авторлық бағдарлама 6-7-8 сыныптар үшін курстық сабақтың білім деңгейін жақсартуға пайдасын тигізбек. Ұстаздарымызға еңбектеріңіз халық игілігіне жарап, шығармашылық ізденістеріңіз өз жемісін бере берсін дейміз.


Елімізде болып жатқан төтенше  жағдайға байланысты білім алушылар  қашықтықтан оқып жатыр. Қандай жағдай болмасын білім алу үшін ештеңе де кедергі болмайтынына тағы да көзіміз жетті. Оған себеп, Шымкент қаласы N52 мектеп-лицейінің бастауыш 1 "B" сынып оқушысы Беркінбай Айару және 4 "А" сынып оқушысы Махамеджанова Ясмина Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі "Дарын" Республикалық ғылыми-практикалық орталығының, Жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасында қазақ тілі пәнінен жақсы нәтиже көрсеткені үшін I  дәрежелі грамотасына ие болды. 
Менің жас маман екеніме қарамастан сенім білдіргені үшін мектебіміздің басшысы Айнұр Жарылқасынқызына және барлық ұстаздарға қолдау білдіріп отырған Қалалық білім басқармасының басшысы Ж. Тажиеваға алғысым шексіз!


 


Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №52 мектеп-лицейінде Шымкент қалалық білім басқармасы ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Білім беру ұйымдарының математика пәні бойынша жас маман мұғалімдеріне жас оқытушылардың кәсіби шеберліктерін шыңдау, олардың ғылыми-педагогикалық қызметтерін ұйымдастыруға жол ашу мақсатында «Мазмұны жаңартылған білім беру жағдайында математика пәні мұғалімдерінің педагогикалық шеберлігін арттыру» тақырыбындағы қалалық дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге қала мектептерінің ұстаздары, жас мамандар қатысып көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алып, пікір алмасты. Қатысушылар дөңгелек үстелді ұйымдастырушыларға алғыс айтып тарқасты.