Қазақстан Республикасы
Шымкент қаласының білім басқармасының
"№52 мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 55-34-38
Есепші бөлімі:
+7(7252) 55-51-79
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Галерея пән

Галерея пән


№52 мектеп-лицейі _әдістеме_апталық! 29.11-04.12.2021күні аралығында өзбек тілі және әдебиеті апталығы болып өтті. Апталық тақырыбы:
Истиқлол муборак, Қозоғистоним!
Мақсаты: оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың  кең ауқымда білім алуға қызығушылығын арттыру  және рухани танымдық белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру. Апталық барысында пән мұғалімдері ашық сабақтар мен түрлі сыныптан тыс патриоттық іс-шаралар өткізді.




“Үштілділік - заман талабы" тақырыбы аясында №52 мектеп-лицейінде апталық өткізілді. Апталық соңында химия, биология және физика, информатика, ағылшын тілі пән мұғалімдерімен ДӘЖО Эльмира Айтжанқызының ұйымдастыруымен өзара дөңгелек үстел өткізіліп, тәжірибе алмасып, үш тілде әр пән оқыту дағдыларымен бөлісті. Апталық қорытындысы бойынша белсенділік танытқан Ұстаздар марапатталды.
В школе - лицее 52 была проведена неделя, посвященная преподаванию и обучению детей на трех языках под названием: «Трехъязычие - веление времени». Учителя приняли активное участие, в том числе, учителя, прошедшие курс переподготовки на английском языке. По окончании недели ЗДНМЧ Эльмира Айтжанкызы с учителями химии, биологии, физики и информатики, проводимые свои уроки на английском языке, провела круглый стол, где они обменялись опытом и поделились навыками преподавания каждого предмета на трех языках. По итогам недели учителя, проявившие активность и усердие, были награждены похвальными грамотами.
A week called "Trilingualism is a modern requirement" was held at school-lyceum N52. At  the end of the week there was a round table discussion between the teachers of Chemistry,  Biology,  Physics, Informatics  and English organized by Elmira Aitzhankyzy, the Deputy for Academic Affairs. In this discussion teachers shared their experiences  and  skills in teaching each subject in three languages.  Following the results of the week the most active teachers were awarded.


Шымкент қаласы, N52 мектеп-лицейінде Физика-информатика бірлестігінде «Жаңалыққа ұмтылу- келешек негізі» атты апталық өтуде. Апталықта жоспар бойынша ұстаздарымыз өз ашық сабақтарын ұсынуда. 15.04.2021 күні 11 Б сыныбына физика пәні мұғалімі Рыскулова Лаура апайымыз   "Жұлдыздардың планеталық жүйесі.  Күн жүйесіндегі алып  планеталар және кіші денелер"   тақырыбында ашық сабақ . Фронтальды сұрау арқылы өткен материалды пысықтады.
Жаңа тақырыптың мазмұнын меңгерту үшін " Салыстырмалы кестемен жұмыс" Күн жүйесінің Жер тобындағы  планеталарының  негізгі шамаларын жазды.
"SWOT талдау" жасау арқылы жұлдыздардың дамуэволюциясын сипаттады;
   "Т - диаграммасымен жұмыс" арқылы Күн жүйесіндегі алып және кіші планеталардың ұқсастығы мен айырмашылығын көрсетті.Сабақ жоғары деңгейде өтті.




Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №52 мектеп -лицейінде "Күн нұрындай нұрланып, әлемге өзін танытқан Тәуелсіз елім - Қазақстан!" атты тариx, география пән бірлестігінің апталығы өтті. Апталықтың іс-шара жоспарына сәйкес ашық сабақтар, сайыс сабақтар, дөңгелек үстел, коучинг өткізуде тариx, география пән бірлестігінің әрбір ұстазы үлкен жауапкершілік, әрбір оқушымыз үлкен қызығушылық танытты. "Руxы мықты, келешегі жарқын мәңгілік елдің болашағы - біз боламыз" тақырыбымен апталық қорытындыланды.




Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты, №52 мектеп-лицейінде 25.01-29.01.2021ж. аралығында  Химия-Биология бірлестігінің апталығы өтіп жатыр. Апталық барысында Ибатова Севараның ұйымдастыруымен  "Менің туған өлкем"  “30 үздік сурет” атты онлайн көрме өтті. Оқушылардан байқау барысында 45 жұмыс келіп түсті. Байқау шартына сәйкес келген 30 үздік сурет таңдап алынды. Соның ішінде 5 оқушымыз жүлделі орынға ие болды:
Кенжебек Ажар I орын
Илхамбекова Сарвиноз II орын
Якубжанова Зиеда II орын 
Фахриддинов Атхам III орын
Сабиров Мурад III орынды иеленді. 
Бұл жұмысты ұйымдастырудағы мақсаты оқушылардың өз туған өлкесін сүюге, құрметтеуге, қадірлеуге шақыру!




№52 мектеп-лицейінде  11.11-15.11 аралығында жас мамандар апталығы болды .Апталықта жас мамандар жаңартылған білім беру аясында ашық сабақтар,сайыс сабақтар өтті.Апталықта жас мамандар бір-бірінің сабағына еніп,пікір алмастық. Елбасымыз  атап айтқандай жастар еліміздің қазіргі әлемдегі бәсекеге  қабілеттілігінің негізгі  факторы.Жастар жылында жас мамандарға қолдау корсетип мектебімізде көптеген іс-шаралар ұйымдастырылып жатқанына мектеп-лицей директоры Айнұр Жарылқасынқызына  және директордың  әдістеме жөніндегі орынбасары Жанар Пернеханқызына Алғыс айтамыз! 




15.10.18. күні  Шымкент қаласына қарасты 52 мектеп- лицейінде химия- биология апталығы " Жаратылыстану- математикалық бағыттағы пәндерінде STEM техналогиясын пайдалану"  тақырыбымен ашылды. 9Б сынып оқушылары,сынып жетекшісі, химия пәнінің мұғалімі Камалов Ұлжан ұйымдастыруымен, әдеби монтаж, викториналық сұрақтар, қызықты мәліметтер, молекулалардың кеңістіктегі формуласын моделдеу жұмыстары көрсетілді. Залдағы оқушылар виктариналық сұраққа белсенділік танытты. Тәжірибе нәтижелерін де айтып, марапатталды. Мектеп директорының оқу ісі және әдістемесі жөніндегі орынбасары Айнұр Бимырзаева оқушылардың жұмысын оң бағалап,  тек апта бойына жүргізілетін іс шараларға ғана белсенділік танытып қоймай, әрдайым химия және биология пәндерін тереңдетіп оқып, болашақта ғалым, ізденімпаз іскер азамат болуларына тілектес екенін білдірді. Химия- биология пән бірлестік жетекшісі Жапбарова Дидар және биология пәні мұғалімі Менликулова Парасат апталық іс- шара жоспарымен таныстырып, мұғалімдер мен оқушылардың белсенді қатысқандары апталық соңында марапатталатындығы туралы ескертіп кетті. 




Эстетикалық тәрбие болмыстағы және өнердегі сұлулық пен әсемдікті дұрыс қабылдауға және эстетикалық сезім мен талғамға тәрбиелейді. Шымкент қаласы №52 мектеп лицейдің эстетикалық пәндер бірлестігінің «Күз береке,сән-салтанаты » атты апталығы онлайн режімінде өтіп жатыр.Оқушылар қашықтықтан оқу кезінде онлайн режімде шығармашылық қабілеттерін артыра отырып білімді еңбекпен ұштастырып отыр. Апталық барысында Ақылбекова Нұрлыайым, Ақназарова Назира , Байбосынова Шахизат ұйымдастырумен 21 қазан күні 5-7 сынып оқушылары арасында  «Күзгі –бояулары» атты сурет көрмесі өтті. Көрмеге үлес қосқан оқушылар мектеп директорының мақтау қағазымен марапатталады. 
 




Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты №52 мектеп - лицейінде 27 сәуір мен 30 сәуір аралығында Экологиялық білім берудің жалпы республикалық «Біз болашаққа жауаптымыз» атты апталық ұйымдастырылды. Экологиялық білім берудің бастапқы мақсаты:
- қуат көзін дұрыс пайдалану және бақылау
- энергияны өндіру, сақтау және пайдалануды басқару
- тұрақты қуат көздеріне жалпы қолжетімділікте қамтамасыз ету
-қалпына келтірілетін қуат көздерін және энергияның басқа да баламалы түрлерін пайдалануға ынталандыру
-ғаламшардағы бүкіл халықты жауаптылық сезіміне шақыру
Химия және биология  пән мұғалімдері Менликулова Парасат, Жапбарова Дидар, Бедебаева Жазира апайларымыздың ұйымдастыруымен 9 "А", "Ә" сыныптар арасында «Жарық сөнбесін» телекөпірі, «Болашақ энергетикасы», «Жер ана тынысы» атты мақала, реферат көрмесі өткізілді.



Адамды тәрбиелеу – демек оның ертеңгі қуанышқа ие болатын келешек жолын тәрбиелеу.
А.С. Макаренко
25 қаңтар  күні мектебімізде «Химия және биология» пән апталығы ашылды.
Апталық тақырыбы: «Оқу мен оқытуда шығармашылықпен  ғылыми зерттеу барысында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту»
Мақсаты:
* Пәнді оқытуда инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, оқыту мен тәрбиелеуде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту;
* Оқушылардың жеке ғылыми зерттеу  дағдыларын қалыптастыру.Мектеп ұстаздары мен оқушылар апталық шеңберінде  жүргізілетін іс-шаралардың жоспарымен таныс болыңыздар.



“Білім – біліктілікке жеткізер баспалдақ,
ал біліктілік сол білімді іске асыра  білу дағдысы“
                                                                                                     А. Байтұрсынов
ХХІ ғасыр – білімділер ғасыры. Заман талабына сай білімді ұрпақ тәрбиелеу бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі. Сапалы білім беру – оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үдерісі. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім өзіндік ой- талғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.  
Апталық тақырыбы: «Оқу мен оқытуда шығармашылықпен  ғылыми зерттеу барысында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» атты апталығы.
- Апталықтың ашылу салтанаты  үш тілде қашықтан жүргізілді. 
- "Сіз білесіз бе? " атты қызықты мәліметтер айдары өтілді. 
- ZOOM бағдарламасы арқылы 7 "Б" сыныбы оқушылар арасында сайыс сабағы өтілді. 
Апталықтың ашылу салтанатына қатысқан оқушылар:
1. Қанатұлы Абылай 8 "А" сынып 
2. Асанова Аяжан 8 "А" сынып 
3. Бегімбетова Аружан 8 "А" сынып 
4. Мұратбек Гүлсая 6 "А" сынып 
5. Қаһар Жолдасбек 6 "А" сынып 
6. Жылқыбай Аяулым 6 "А" сынып 
7. Мәдіхан Аяулым 7 "Б" сынып 
8. Шаймерден Қалихан 7 "Г" сынып 
9. Марат Альбина 7 "Б" сынып
10. 7 "Б" сыныбы
Сайыс жеңімпаздары апталық соңында марапатталады. 
Апталықтың ашылу кешін ұйымдастырған мұғалімдер: Ауезова Жансая, Кәдірқұл Ардақ
https://www.facebook.com/100062687466702/videos/105554614877454/